Автобус аялдамаға соғылып, бір әйел жапа шекті
13 желтоқсан 2023 11:23 / Новости Казахстана
Алматыда рөлге ие бола алмаған автобус жүргізушісі аялдамаға соғылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Әлеуметтік желіге шыққан видеода 11 желтоқсан күні Ақан сері көшесімен келе жатқан №73 автобустың аялдамаға соғылғаны жазылған.
Алматы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, жол апаты 11 желтоқсан сағат 20:28-де Түрксіб ауданында болған.
"Golden Dragon маркалы автобусты жүргізген 1991 жылғы К. есімді азамат Ақан сері көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, рөлге ие бола алмай кедергіге соғылған. Жол апаты нәтижесінде бір әйел медициналық көмекке жүгінді" - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол апаты дерегін Түрксіб ауданының полиция басқармасының қызметкерлері тексеріп жатыр.
5 қараша 2026 18:30 / Новости Казахстана
Астанада жолды әдейі бөгеген төрт жүргізуші 5 тәулікке қамалды
5 қараша 2026 17:38 / Новости Казахстана
Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған адам Грузиядан экстрадицияланды
5 қараша 2026 16:29 / Новости Казахстана
Каспийдегі 14 сарбаздың қазасы: сегіз әскери басшы қамауға алынды
5 қараша 2026 15:16 / Новости Казахстана
Астана маңындағы жол апатынан полиция капитаны қаза тапты
5 қараша 2026 14:34 / Новости Казахстана
Шымкентте спортшыны ұрлап, ұрып өлтірген 6 адамға сот үкімі шықты
5 қараша 2026 13:24 / Новости Казахстана