"Әже, Президентті көрдім". Тоқаевпен кездескен бала жылап қалды

7 желтоқсан 2023 13:02 / Новости Казахстана

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барған болатын, - деп хабарлайды Arbat.media.

Президент бірқатар әлеуметтік нысанды аралап, мектеп-гимназияға ат басын бұрған еді.

Мектеп-гимназияда Мемлекет басшысы оқушылардың шығармашылығымен де танысты.

Президентке өз туындыларын көрсетіп, естелік суретке түскен 9-сынып оқушысы Шәмші Бақытжанов Қасым-Жомарт Тоқаев кеткен соң жылап қалды.  Ол бірден әжесіне қоңырау соғып, президентпен кездесуден алған әсерін бөлісіп, қатты толқығаннан көзіне жас алды.

«Әже, мен Президентті көрдім деп хабарласқанда, әжесі де немересіне қолдау білдіріп, сенің қолыңнан бәрі келеді, оған күмәнданба», деп жауап берді. 

Оқушының бұл эмоциясын журналист Әділ Балтабаев алғаш болып Instagram парақшасында жариялады.

Серіктес жаңалықтары