Байқоңырдан ұшқан ғарыш кемесінің бөлшегі Ұлытау облысына құлады

28 қараша 2025 17:37 / Новости Казахстана

Ұлытау облысының тұрғыны ауыл маңынан зымыран бөлшегі табылғанын айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.

“Біздің үйден шамамен екі шақырым бері қарай. Анау Бақберген ауылы. Дәл жолдың үстінде жатыр. Масқара. Тұмсығын қара”, – дейді бейне авторы.

Мамандар халыққа ешқандай қатер төніп тұрған жоқ десе, Мәжіліс депутаты Ерболат Сатыбалдин бұл жағдайды ұшу қауіпсіздігінің өрескел бұзылуы деп айтып отыр және тиісті органдардан дереу әрекет етуді талап етті.

“Ракетаның бірінші сатысы Ұлытау облысындағы елді мекендерден алшақ арнайы белгіленген ауданға құлады. Халыққа ешқандай қауіп жоқ. Оқиға орнында "Роскосмос" және Қазақстан мен Ресей экологтары жұмыс істеп жатыр. Өлшеу және сынама алу жұмысы жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, экологияға зияны тіркелмеді” деді министрлік өкілдері.

Олар сонымен бірге "Союз МС-28" ракетасының “экологиялық қауіпсіз отын – керосин мен сұйық оттегіні” қолданатынын, ракета бөлшектерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қатері жоғын айтқан.

Серіктес жаңалықтары