Бетін тұмшалағандарға 41 500 теңге айыппұл салынады

23 маусым 2026 12:12 / Новости Казахстана

Полиция бет-жүзін толық жабатын киім киген азаматтарға айыппұл салынуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, адамның жүзін тануға кедергі келтіретін киімдерді қоғамдық орындарда кию құқық бұзушылық ретінде қарастырылады. Мұндай жағдайда 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған.

Ведомствоның түсіндіруінше, алдымен азаматқа ескерту жасалады. Егер ол талапты орындамаса, «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» заңның 75-бабының 3-тармағына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Сонымен қатар бұл талап ауа райының қолайсыз жағдайларына, медициналық көрсетілімдерге байланысты бетперде тағуға қатысты қолданылмайды. Сондай-ақ қызметтік міндетін атқару кезінде, спорттық жарыстар мен мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысушыларға да шектеу қойылмайды.

Серіктес жаңалықтары