Биыл 77 мыңнан астам білім беру гранты бөлінді
77 мыңнан астам білім беру гранты бөлінді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Конкурсқа қатысу үшін 112 873 өтініш қабылданды. Конкурс нәтижесінде мемлекеттік білім беру тапсырысының 99%-ы игерілген. Ал «Серпін» бағдарламасы аясында 2 412 грант бөлініп, олардың 83%-ы игерілді.
Батыс өңірінің жастарына арналған мақсатты гранттар 2024 жылға сәйкес 100% игерілді. Сонымен қатар, Қазақстанда ашылып жатқан шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарына 2 365 грант бөлінді.
Гранттар ел экономикасының болжамды кадрлық қажеттіліктерін ескере отырып бөлінді.
Ең көп гранттар келесі бағыттар бойынша бөлінді:
Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары – 18 846 грант
Педагогикалық ғылымдар – 13 226 грант
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 11 615 грант
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика – 9 188 грант
Ауыл шаруашылығы және биоресурстар – 2 379 грант
Қызмет көрсету саласы – 2 200 грант
Өнер және гуманитарлық ғылымдар – 1 915 грант
Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат – 1 485 грант
Бизнес, басқару және құқық – 1 423 грант
Ветеринария – 1 275 грант.