БҚО-да 10 жастағы қыз зорланғаннан кейін әкімдіктегілердің үстінен іс қозғалды

19 қараша 2025 21:39 / Новости Казахстана

29 қыркүйек күні Зачаган кентіндегі № 20 орта мектеп маңында зорлық ісі тіркелді. Қылмыс болмастан бұрын ата-аналар сол мектепке барар жолдағы ағаштарды отап, шамдарды орнату жөнінде әлденеше рет шағымданған. Алайда Зачаган кентінің әкімдігі бұған салғырт қараған. Енді әкімдік қызметкерлері де тергеуге алынды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Шенеуніктер оқиға болғаннан кейін ғана жол бойындағы ағаштарды отауға тапсырма берген. Өз қызметтеріне салғырт қарағаны үшін Зачаган кенті әкімдігінің лауазымды қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Соның барысында барлық мән-жай анықталып, процессуалдық шешім қабылданады.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі тергеу басқармасында жергілікті атқарушы органға қатысты ҚР ҚК 371-бабына (салғырттық) сәйкес қылмыстық іс тіркелгенін растады.

Серіктес жаңалықтары