БҚО-да 5 баланың өліміне қатысты тың дерек шықты
Батыс Қазақстан облысында Жымпиты ауылындағы жеке үйден шыққан өрттен бір отбасының бес баласының көз жұмуына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған Arbat.Media.
Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицейлер Жымпиты ауылындағы жеке үйдегі өрттен кейін кәмелетке толмағандардың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады.
"Өлімнің алдын ала себебі - көмірқышқыл газынан улану. Оқиғаның барлық мән-жайы тергеу аясында анықталады", - деді БҚО Полиция департаменті өкілдері.
Еске сала кетейік, кеше, 4 маусымда Батыс Қазақстан облысындағы ауылда бес бала көмірқышқыл газынан уланып, көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша бес балалы отбасы жалдамалы пәтерде тұрған. Өрт кезінде ата-анасы жұмыста болған.
Айта кетейік, БҚО әкімі осы жағдайға қатысты мәлімдеме жасаған.