“5 күн зорлық көрсеткен”: 38 жастағы ер адам 15 жастағы қызға үйленді
Қарағанды сотында 15 жастағы қызын күйеуге берген анаға қатысты іс қаралып жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.
КТК мәліметінше, білім бөлімі оны ата-ана құқығынан айыруды талап етіп отыр. Ал қаршадай қызды қалыңдық қылған 38 жастағы күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу абақтысына қамалған. Қыздың туған әкесі бұрынғы әйелі балаларға қысым көрсететіндіктен тезірек оларды өз қолына алғысы келеді.
"Менің төрт баламнан бөлек, оның казіргі күйеуінен тағы екі баласы бар", - дейді қыздың әкесі.
Естеріңізге салсақ, оқиға Абай қаласында болған. Анасы мен өгей әкесі 15 жастағы қыздарын күйеуге беріп жіберген. Алайда ол бес күннен кейін туған әкесіне қашып келіпті. Ол бірден қызын полицияға ертіп барып арыз жазады.
Тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған қызды әйел қылған 38 жастағы ер адамды Астанаға қашып бара жатқан жерінен ұстап алып, қамауға алды.