БҚО-дағы жоғалған төртінші тұрғын тоңып өлген күйінде табылды

16 желтоқсан 2025 14:29 / Новости Казахстана

Батыс Қазақстан облысында боран кезінде далада жоғалған малын іздеген ер адам өлі күйінде табылды. Осылайша үсіп қаза тапқан ауыл тұрғындарының саны төртеуге жетті, деп хабарлайды Arbat.Media. 

“Орал апталығы” басылымының мәліметінше, 15 желтоқсан кешке қарай құтқарушылар жексенбі күні жоғалған төртінші адам – Жәнібек ауданының 59 жастағы тұрғынының мәйітін тапқаны белгілі болды.

Еске салайық, өңірде қазір қатты боран соғып тұр. Құтқарушылар облыс тұрғындарын жолға шықпауға және елді мекеннен тысқары шықпауға бірнеше рет ескерткен.

Алайда бес ауыл тұрғыны үй жануарларын іздеу үшін далаға шыққаны анықталды.

“Біреуі ауа райына қарамастан көрші елді мекенге жаяу жетпек болды, тағы екеуі мал іздеу барысында адасып кетті”, – деп кеше, 15 желтоқсанда, өңір полициясы хабарлаған.

Үш адамның мәйіті табылып, бір ер адам тірі күйінде анықталды. Қол-аяғы қатты үсіген Ақжайық ауданының 54 жастағы тұрғыны Орал қаласына жеткізілді. Қаза тапқандар – Жәнібек, Қазталов және Бөкей ордасы аудандарының оңтүстік бөліктерінің тұрғындары. Олар 57, 35 және 25 жастағы ер адамдар.

Жоғалған төртінші ер адамды іздеу жұмыстары жалғасқан еді. Енді оның да өлі күйінде табылғаны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары