БҰҰ баяндамасы: бір жылда аштыққа шалдыққандар саны екі есеге артты

30 қыркүйек 2024 10:23 / Новости Казахстана
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Азық-түлік жетіспеушілігі жағдайында өмір сүріп жатқан жандар саны кейінгі жылы екі есеге артты. Бұл туралы Нью-Йоркте Азық-түлік дағарысына байланысты жаһандық баяндамада айтылды. Аталған құжатты дайындауға БҰҰ-ның бірнеше ведомствосының өкілдері атсалысқан, БҰҰ ашаршылықтың деңгейін өлшейтін күрделі шкала енгізді. Ең соңғы, яғни бесінші саты адамдардың мүлдем жейтін тамағы жоқ екенін, соның салдарынан олар ауруға шалдығып, өліп жатқанын көрсетеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының бас экономисті Максимо Торероның айтуынша, жоғарыда аталған сатыдағы адамдар саны 2023 жылы 705 мың болса, 2024 жылы 1,9 млн-ға жеткен

Мұндай қарқынды өсімге Газа мен Судандағы қақтығыстар, Эль-Ниньо (Климатқа айтарлықтай әсерін тигізіп отырған Тынық мұхитының эваторлық бөлігіндегі су бетіндегі температураның өзгеруі) әсерінен болып отырған құрғақшылық, азық-түлік қымбатшылығы зардабын тигізіп отыр.

Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының бас экономисті Ариф Хусейн қонысын өзгерткен адамдар санының артуына назар аударды.

«2023 жылы мәжбүрлі түрде қоныс аударғандар саны 90 млн адам болса, 2024 жылы 99 млн-ға жетті», - деді ол.

ЮНИСЕФ ұйымының балаларды тамақтандыру мен дамыту бойынша директоры балалардың жоқшылықта өмір сүріп жатқанына назар аударды. Ол әлемнің 8 елінде балалардың аштықтан торығуы шектен шыққанын жеткізді. Алаңдатарлық мәліметтер Камерун, Чад пен Йеменнен келіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары