Дариға Бадықова жеке өміріне қатысты алғаш рет үн қатты

14 қазан 2026 18:18 / Новости Казахстана

Танымал актриса Дариға Бадықова өткенін қайта қозғаудан гөрі, бүгінгі бақытына көңіл бөліп, болашағына үмітпен қарауды таңдағанын айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі жазбасында әр адамның көпшілік біле бермейтін өз тарихы бар екенін жеткізді. Алайда ол басынан өткенін жұртқа жариялап, сол естеліктермен өмір сүргісі келмейтінін атап өтті.

«Мен өткен өмірімді жария етпесем де, өткенім туралы ән айтпасам да, басымнан өткен тағдырымды киноға айналдырмасам да, өз тарихым бар! Мен өткеніммен өмір сүргім келмейді. Мен тек алға жылжуды таңдадым. Жақсы күндердің келетініне сендім. Бақыттың да, махаббаттың да, ғажайып сәттердің де маған бұйыратынына сендім», – деп жазды актриса.

Серіктес жаңалықтары