Демографиялық саясаттың жаңа тұжырымдамасын әзірлеу ұсынылды
Қазақстанның 2050 жылға дейінгі демографиялық саясатының тұжырымдамасын әзірлеу ұсынылды. Ұсынысты Сенат депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Әсем Рахметова жасады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
«Демографияға тікелей әсері бар тағы бір фактор – ұлт саулығы. Тәуелсіздіктің алғашқы жалдарында халықтың өлім-жітімі мен өмір сүру ұзақтығында айтарлықтар өзгерістер болды. Орталық Азияның басқа елдерімен салыстырғанда Қазақстанда өлім-жітім деңгейінің жоғары көрсеткіштері байқалады», - деді Әсем Рахметова.
Халық қалаулысы еліміздегі өлім-жітімнің басты себептерін атады. Оның ішінде қан айналым жүйесі ауруларынан (22,7%), қатерлі ісіктен (8,4%), жол апатынан (24,3%) және тыныс алу органдары дертінен (9,8%).
«Азаматтардың репродуктивті денсаулығы мен психо-эмоцияналдық жай-күйі тағы бар. Осы орайда құзырлы органдар салауатты өмір салтын сақтауға жалпы халықты ынталандарудың кешенді шараларын күшейткені жөн», - дейді ол.
Әсем Рахметова сөзін қорытындылай келе, Үкімет пен құзырлы мемлекеттік органдардың назарына келесі шараларды қабылдауды ұсынды:
1. Демографиялық саясатты іске асыруға, оны мемлекеттік жоспарлау жүйесіне енгізуге жауапты мемлекеттік органды айқындау;
2. Қазақстанның 2050 жылға дейінгі демографиялық саясатының тұжырымдамасын әзірлеу;
3. Қолданыстағы отбасылық-демографиялық, көші-қон, экономикалық саясат шеңберінде демографиялық теңгерімсіздік проблемаларын еңсеру бойынша кешенді шараларды қабылдау;
4. Демографияны дамыту бойынша өңірлік бағдарламаларды әзірлеу;5. Салауатты өмір салтын ұстану, репродуктивті денсаулықты қолдау бойынша шараларды қарастыру.