Депутат: 18 жасқа тола сала, көпбалалылар тізімінен алынбасын

12 қыркүйек 2024 12:34 / Новости Казахстана
ФОТО: КТК

«Берілген мәртебе мәңгі қалсын». Депутат Гауһар Танашева үлкен баласы 18 жасқа тола сала, бірден көпбалалылар тізімінен сызылып тасталатын жанұялар жағдайын көтерді. Мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақыдан да, басқа да мемлекет көмегінен бір-ақ сәтте қағылатын норманы «алып тастау керек» деп санайды мәжілісмен, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы КТК телеарнасы жазады.

Гауһар Танашева, Мәжіліс депутаты:

— Көпбалалы отбасы мәртебесі неге уақытша беріледі? Балалар отбасында уақытша өмір сүрмейді ғой. Балаларды тамақтандыру керек, үйрету, дамыту, емдеу, жағдайын толық жасау үшін керек. Қазір осындай отбасыларды үлкен балалары 18 жасқа толғанннан кейін жәрдемақыдан да, мемлекет тарапынан берілетін басқа да көмектен қағылып отыр.

Елімізде 600 мыңға жуық көпбалалы отбасы бар. Оның тоқсан пайызында төрт және бес баладан бар.

Кез келген мемлекеттің дамуын ана мен балаға жасалған қолайлы жағдайына қарап бағдарлауға болады деген депутат, алтын құрсақты аналарға берілетін жеңілдіктерді де қайта қарастыратын уақыт жетті дейді.

Бүгінде ай сайын жеті балаға 27 321 теңге, алты балаға 23 мыңнан сәл-пәл асатын сома түседі. Сонда әр балаға, шамамен, күніне 100 теңгенің айналасында тиеді.

Депутат төрт бала туғандарға да алтын мен күміс сияқты «Қола алқа» беруді ұсынды.

Серіктес жаңалықтары