Египеттік блогердің видеосынан кейін екі полицей қызметтен шығарылды
14 қыркүйек 2026 11:05 / Новости Казахстана
Астанада египеттік блогер түсірген видеоға байланысты екі полиция қызметкері ішкі істер органдарынан шығарылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Астана қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, қызметтік тексеру жүргізіліп, тәртіп сақшыларының қызметтік әдеп нормалары мен полиция қызметкерлеріне қойылатын мінез-құлық талаптарын бұзғаны анықталған.
Департамент өкілдері полиция қызметкері қызметтік міндетін атқарып жүргенде және нысанды киімде мұндай әрекеттерге жол бермеуі керектігін атап өтті.
«Полиция қызметкері кез келген жағдайда кәсіби арақашықтықты сақтап, белгіленген әдеп нормаларын ұстануы тиіс», – деп хабарлады ведомство.
Қызметтік тексерудің қорытындысы бойынша екі қызметкер де ішкі істер органдарынан шығарылған.
29 қазан 2026 14:18 / Новости Казахстана
3 қарашада «Ұмай» ипотекасына өтінім қабылдау басталады
29 қазан 2026 12:35 / Новости Казахстана
Астанада мас күйде көліктерге секірген ер адам 7 тәулікке қамалды
29 қазан 2026 11:18 / Новости Казахстана
Такси шақырып, жүргізушінің көлігін тартып алған: әйел 2,5 млн теңге шығын келтірді
29 қазан 2026 9:15 / Новости Казахстана
Үсік жүреді: Синоптиктер дауылды ескерту жариялады
28 қазан 2026 17:57 / Новости Казахстана
Қызылорда облысында такси жүргізушісі шетелдіктерге жолақысын қымбаттатып жіберген
28 қазан 2026 14:21 / Новости Казахстана