Екібастұзда жер үй өртеніп, 6 адам тірідей жанып кетті

9 қазан 2025 11:46 / Новости Казахстана

Павлодар облысының Солнечный кентіне қарасты шаруа қожалықтарының бірінде тұрғын үй мен өзге де шаруашылық ғимараттары отқа оранды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Құтқарушылар өрттің үйді толықтай шарпығанын, салдарынан үйдің шатыры құлағанын мәлімдеді. Тілсіз жаудан үйде болған 6 адам өртеніп кеткен.

«Кенттен 7 шақырым жердегі шаруа қожалығының ғимараттары жанып жатқаны туралы хабарлама бүгін сағат 06.34-те келіп түсті. Оқиға орнына жедел түрде төтенше жағдай департаментінің күштері мен өрт сөндіру құралдары, Екібастұз ГРЭС-2 стансасының өртке қарсы құрылымдары, Солнечный кентінің өрт сөндіру бекетіні өкілдері жұмылдырылды», - деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаменті.

Құтқарушылар тілсіз жауды ауыздықтау барысында әрқайсысы 27 литрлік 8 газ баллонын сыртқа алып шыққан. Өрттің жалпы ауданы 930 шаршы метр аумақты құраған.

Серіктес жаңалықтары