Экс-судьяны өлтірген күйеуі мен енесі Мәскеуде ұсталды

25 желтоқсан 2025 16:40 / Новости Казахстана

Германияда қаза тапқан бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваны өлтірді деген күдікке ілінген оның экс-күйеуі мен енесі ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы марқұмның ағасы Қанат Сайлыбаев мәлімдеді. Күдікті ретінде танылған Донцовтар (марқұмның күйеуі мен енесі) Мәскеуде ұсталып, жергілікті полиция бөліміне жеткізілген.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қаралуда. Алайда бұл процеске дипломатиялық кедергілер мен ұсталғандардың бірнеше азаматтығы бар екені әсер етуі мүмкін.

Іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Айта кетейік, 10 желтоқсан күні Қазақстан Ішкі істер министрлігі Наталья Донцова мен оның ұлы Александр Донцовқа іздеу салған еді. Олар Германияда қастандықпен қаза тапқан бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаева ісінің фигуранттары ретінде саналып отыр. Айгүл Сайлыбаеваның денесі 2024 жылдың 16 маусымында Германиядағы Эрлахе көлінің маңынан табылған. Тергеушілер оны басқа жерде өлтіріп, кейін сол жерге әкелген болуы мүмкін деп болжайды.

Серіктес жаңалықтары