Елдос Сметовтың жағдайы нашарлап, ота жасатты

24 маусым 2025 12:10 / Новости Казахстана

Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Италияда иығына ота жасатты. Ол денсаулығына алаңдаушылық білдірген Қазақ еліне алғысын білдіріп, қазіргі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.

“Құрметті Қазақ елі! Мені уайымдам, алаңдаушылық білдіріп жатқандарыңызға рахмет!

Италияның Рим қаласында иығыма ота жасатқаным рас. Аллаға шүкір, бәрі жақсы өтті. Өздеріңіз бұрыннан білесіздер Олимпиадаға дейін де иығымның жарақаты, ұсақ жарақаттарым жиі мазалайтын. Қазір денсаулығыма толық көңіл бөлгенді және толық ем қабылдағанды жөн көрдім.

Алла жазса, 2-3 айдан кейін жаттығу, ал жарыстарға - келесі жылдың басында қосылуға ниеттімін.

Карьерасын аяқтады деп сүйіншілегендерге де сәлем жолдаймын. Мен әлі сары нашивкамен татамиге шығып күресетін боламын”,- деп жазды Елдос Сметов.

Серіктес жаңалықтары