Еліміз түйе еті өнімдерін Жапонияға шығаруы мүмкін

17 желтоқсан 2023 13:43 / Новости Казахстана

Жапониядағы тамақ технологиясы мен кәсіпорынды автоматтандыру саласындағы Foodtech Japan Tokyo атты ең ірі көрмеде қазақстандық тарап бірнеше ғылыми шешімдерді ұсынды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Қазинформ жария етті. 

Ұсынылған жобалардың бірі — түйе еті өнімдері мен ет және өсімдік консервілерін өндіру технологиясы.

«Жобаны биология ғылымдарының докторы, профессор Әсия  Серікбаеваның жетекшілігімен Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым қорының гранттық қолдауымен Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ғылыми қызметкерлері тобы жүзеге асыруда. Ақуыз мөлшері жоғары болса да (29,8% дейін), оларда холестерин жоқ. Түйе еті фосфор, калий, темір және А, В1, В2, В9, РР, С және Е дәрумендеріне бай», - деп жазды министрліктен.

Жапон нарығынан бөлек, қазақстандық өнімдер Орталық Азиядан келген бизнесмендердің де қызығушылығын тудырды.

Серіктес жаңалықтары