Енді елімізде қыз алып қашқандар 7 жылға дейін сотталмақ

15 мамыр 2025 10:02 / Новости Казахстана

Қазақстанда қыз алып қашқандарға қылмыстық жауапкершілік енгізіледі, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов айтты. Енді қыз алып қашқандар айыппұлдан бөлек, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Келесі аптада бұл бастама екінші оқылымда қаралмақ. Депутат бұған дейін де бұл мәселе бойынша бірнеше рет ұсыныс тастаған.

«Егер бойжеткен 18 жасқа толмаған болса немесе күш қолданылған болса, не бір топ адам күш қолданса, онда жаза қатаң болады . Олар 5-7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады», - деді депутат.

Мұрат Әбеновтың айтуынша, елімізде қыз алып қашқандардың көбі жазасыз қалады екен. Бойжеткен өзін алып қашып кеткенін, оған күш қолданылғанын дәлелдеп берсе де, ештеңе істей алмаған.

Соңғы үш жылда құқық қорғау органдарына қызды алып қашу туралы 214 талап түскен. Бірақ олардың тек 10-ы ғана сотқа жеткен. Қалған істер қылмыс құрамының болмауына байланысты жабылған.

Серіктес жаңалықтары