Ер адамды әріптестері таспен ұрып, тірідей көміп кеткен
2 маусым 2026 11:15 / Новости Казахстана
Алматы облысында 29 жастағы ер адамды өлтіріп, жерге көміп кеткен, деп хабарлайды Arbat.Media.
Алматы облысының Ұйғыр ауданында аса ауыр қылмыс тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, 27 мамыр күні демалыс базаларының бірінде бірге жұмыс істейтін азаматтар арасында ішімдік ішу кезінде жанжал туындаған.
Тергеу дерегінше, жанжал барысында 29 жастағы ер адам қатыгездікпен соққыға жығылып, кейін күдіктілер оның денесін жасырмақ болған. Марқұмның мәйіті бірнеше күннен кейін табылған.
Қазіргі уақытта оқиғаға қатысы бар деген күдікпен екі адам ұсталып, қамауға алынған. Аталған дерек бойынша адам өлтіру және қылмысты жасыру фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
17 шілде 2026 14:25 / Новости Казахстана
Астана тұрғыны Таиландтан әкелген заты үшін сотталды
17 шілде 2026 13:11 / Новости Казахстана
«Семей орманы»: Құтқарушылар ашық жанып жатқан өртті тоқтатты
17 шілде 2026 12:37 / Новости Казахстана
Түркістан облысында 7 адам жантүршігерлік жағдайда мерт болды
17 шілде 2026 11:31 / Новости Казахстана
Мектеп оқулықтары кезең-кезеңімен жаңартылмақ
17 шілде 2026 10:10 / Новости Казахстана
Air Astana Дубайға ұшатын рейсін қайта тоқтатты
17 шілде 2026 9:21 / Новости Казахстана