Ермұрат Бапи түрмедегі отырған белсенді Марат Жыланбаевпен кездесті
Ермұрат Бапи түрмедегі отырған белсенді Марат Жыланбаевпен кездесті. Бұл туралы «Азаттық» радиосы жазып отыр, деп хабарлайды Arbat.Media.
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапидің сөзінше, 12 қазандағы кездесу шамамен бір сағатқа созылған. Депутат пен белсенді арасында болған әңгімені қылмыстық-атқару жүйесінің бір өкілі тыңдаған. “Мен өзім біреуін ертіп алдым. Ертеңгі күні анау-мынау әңгіме болды” деп айтпасын деп” дейді депутат.
«Маратты суреттен болмаса өмірде көрген адам емеспін. Бірақ сол суретіне қарап та Facebook-та, әлеуметтік желіде шулатып жатқандай — «арықтап кетті, өлім алдында жүр» дегендей емес. Ширақ көрінеді», — деген депутат «Азаттық» радиосына.
Марат Жыланбаев депутатқа «Экстремистік және террористік баптар бойынша мені заңсыз соттады. Сондықтан менде аштық жариялаудан басқа амал жоқ» деген.