Ертіс пен Семей орманындағы жемқорлық: Тексеріп жатыр
Экология және табиғи ресурстар министрлігі Семей, Ертіс резерваттарында тексеру жүріп жатқанын мәлім етті. «Шын мәнінде Семей орманы резерватының ісі бойынша директоры ұсталды. Ертіс орманы бойынша 188-баппен басталған тергеу шаралары аяқталды. Енді сотқа жолданады. Тергеудің түпкілікті қорытындысын күтейік. Жалпы, министрлік жоспарлы тексеру жүргізіп отырады. Аудит жүргізетін құрылымдық бөлімшелеріміз бар. Басқа да тиісті органдар жұмыс істеп жатыр деп ойлаймын», — деді Ерлан Нысанбаев, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
Министрлік аталған мекемелердегі былықтар тыңғылықты тергеудің арқасында ашылғанын айтады.
«Қалай болғанда да бұл факт тіркелді. Бұл тыңғылықты тергеудің нәтижесі деп айтуға болады. Министрлік өз ішінде Семей орманы мен Ертіс орманы резерваттарын тексерумен айналысып жатқанымызды атап өту керек», — деді Ерлан Нысанбаев.
Бүгін ғана Ертіс орманы резерватында ағаштарды отап сатқан бас директор бастаған қылмыстық топтың мемлекетке 150 млн теңге залал әкелгенін хабарланды.