Іздеу жарияланған 19 жастағы жігіттің денесі табылды
10 қазан 2023 11:00 / Новости Казахстана
Петропавлда туған-туысы іздеу жариялаған 19 жастағы жігіттің денесі табылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 қазан күні сағат 17:08 минут кеткенде Петропавл полиция басқармасының «102» пультіне ер адамның мүрдесі табылғаны туралы хабар түскен. Телефон соққан адам дененің Қазақстан Конституциясы көшесінде орналасқан ғимараттан алыс емес жерде жатқанын айтқан.
Ол облыс орталығының 19 жастағы тұрғыны болып шықты. 9 қазан күні туыстары полицияға жүгініп, жігіттің із-түзсіз жоғалғанын айтып, іздеу жариялаған.
Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
17 қараша 2026 13:29 / Новости Казахстана
Алакөл жағалауын нығайтуға 30 млрд теңге бөлінеді
17 қараша 2026 12:15 / Новости Казахстана
Ақтөбеде жанармай құю бекеттері желісінің иесін атып өлтірді
17 қараша 2026 11:22 / Новости Казахстана
Алматыда өрт сөндіру көлігіне соғтығысқан жүргізіуші көз жұмды
17 қараша 2026 10:25 / Новости Казахстана
Алматыдан Гоаға бағыт алған FlyArystan ұшағы Делиге шұғыл қонды
17 қараша 2026 9:28 / Новости Казахстана
17 қарашада ауа райы қандай болады?
16 қараша 2026 18:35 / Новости Казахстана