Кәмелетке толмаған қыздарын сириялықтарға күйеуге бермекші болған әйелдің ісі ашылды
24 сәуір 2025 10:34 / Новости Казахстана
Терроризмді насихаттап, Сирияға кетпек болған Астана тұрғыны сотталды, деп хабарлайды Arbat.media.
Бас прокуратураның мәліметінше, әйел Telegram мессенджері арқылы терроризмді қатысты материалдар мен идеологияларды таратқан. Сондай-ақ Сириядағы лаңкестік топқа қатысуға дайындалған.
Әйел Түркия арқылы Сирияға ұшып кетуге әрекеттенген. Полицейлер әйелді әуежайдан ұстады.
Басты сот талқылауында сотталушы кәмелетке толмаған екі қызын лаңкестік топ мүшелеріне күйеуге беруге оқталғанын, сол үшін Сирияға баруды көздегенін айтты.
Сот үкімімен ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
9 қараша 2026 12:18 / Новости Казахстана
Астанада стендап-комик айыппұл арқалады
9 қараша 2026 11:25 / Новости Казахстана
Тойдан қайтқан жолаушылар мінген көлік өзенге құлап, 71 адам қаза тапқан
9 қараша 2026 10:20 / Новости Казахстана
Орал маңында кран құлап, жұмысшы көз жұмды
9 қараша 2026 9:15 / Новости Казахстана
9 қарашаға арналған ауа райы болжамы
6 қараша 2026 18:35 / Новости Казахстана
Алматыда жаңа жылдық безендіруге 512,3 млн теңге бөлінбек
6 қараша 2026 17:48 / Новости Казахстана