Астанада жүк көлігі 6 жасар баланы қағып мерт қылды

Астанада аулада жүк көлігі 6 жасар баланы қағып кетті, деп хабарлайды Arbat.media.

Қайғылы оқиға қаланың әл-Фараби көшесіндегі аулалардың бірінде болған. Dongfeng маркалы жүк көлігі велосипедпен жүрген 6 жасар баланы қағып кеткен.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бала ауруханаға жеткізілген, алайда алған жарақаттарының салдарынан аман алып қалу мүмкін болмаған – бала қайтыс болды.

Оқиға тұрғын үйлер арасындағы аулада болған. Алдын ала деректер бойынша, 38 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі аулада қозғалыс кезінде маневрдің қауіпсіз екеніне көз жеткізбей, баланы қағып кеткен.

Бұл дерек бойынша жасөспірімнің өліміне әкеп соққан жол жүру ережесін бұзу бабымен қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері барлық жүргізушілерге аула ішінде және тұрғын үй алаптарында ерекше мұқият және сақ болу қажеттігін ескертеді.

Астана Көлік жүк Бала

Тақырыпқа жаңалықтар