Каспий құбыр консорциумы нысандарына жақын маңда жер сілкінді
Каспий құбыр консорциумы Краснодар өлкесіндегі нысандары жер сілкінісінен кейін штаттық режимде жұмыс істеп тұр, - деп хабарлайды Arbat.media..
Ресей ТЖМ-нің Краснодар өлкесі бойынша 24 қаңтардағы мәліметіне сәйкес, Краснодар қаласында, Горячий Ключ қаласында және Краснодар өлкесінің Северский ауданында жерасты дүмпулері сезілген.
Обнинск қаласының сейсмикалық стансасы 24 қаңтар сағат 14:19-да Краснодар өлкесінің аумағында жер сілкінісін тіркеді.
Зілзала тереңдігі — 10 шақырым.
Магнитудасы — Рихтер шкаласы бойынша 4,4, қарқыны — 4 балл.
Краснодар өлкесінің аумағында Каспий құбыр консорциумының бес нысаны орналасқан: НПС «Кропоткинская», НПС-7, НПС-8, Резервуар паркі және Теңіз терминалы.
Алдын ала тексеру қорытындысы бойынша, мұнай құбырының желілік бөлігі мен мұнай тасымалдау нысандарына зақым келген жоқ, зардап шеккендер болмады.
Нысандар штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Тұрғындар мен қоршаған ортаға қауіп жоқ.