Каспий жағалауынан 25 итбалықтың өлексесі табылды

15 қазан 2023 19:28 / Новости Казахстана

Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты балық шаруашылығы комитеті Каспий жағалауында қырылған итбалық пен бекіре балығына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жайық-Каспий облысаралық бассейн балық шаруашылығы инспекциясының Маңғыстау облысы балық инспекциясы басқармасы қызметкерлері Каспий жағалауына мониторинг жүргізіп, Түпқараған ауданы Баутино ауылы маңынан 25 өлі итбалық ұшасы мен 33 бекіре тұқымдас балық тауып алған. 

Іртүрлі дәрежеде ыдырағаны - өлімі әр уақытта болғанын көрсетеді. Бұл факт жұмыс тобы мүшелеріне хабарланды.

Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары жұмыс тобының қалған мүшелерін күтіп отыр. Олар су, ауа, топырақ сынамасын алуға, мүмкін болса, өлі жануарлар мен балықтардың тінінен сынама алуға келеді.

«Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануар түрінің жойылу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қосымша ақпарат түсуіне қарай ұсынылады» деп мәлімдеді министрліктен.

 

Автор
Серіктес жаңалықтары