Каспий жағалауынан тағы да итбалықтардың өлексесі табылды
25 мамыр 2026 13:30 / Новости Казахстана
Ақтауда Каспий теңізінің жағалауынан тағы да қырылған итбалықтар табылған. Экологтар су сынамаларын зерттеу үшін шара қабылдаған. Өлексенің саны әлі нақтыланып жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.
Аталған оқиға туралы Маңғыстау облыстық Экология департаменті хабарлады. Қырылған итбалықтардың өлексесі 24 мамыр күні 1Б шағынауданы маңындағы «Шағала» демалыс аймағы аумағындағы жағалау сызығынан табылған.
Өлекселердің нақты саны әзірге жария етілмеді.
Айта кетейік, бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті 19 мамырда Каспий теңізінің жағалауынан табылған өлі итбалықтар туралы ақпаратқа түсінік берген болатын.
27 қараша 2026 19:17 / Новости Казахстана
Сот «Нұр Отанның» бұрынғы идеологын кінәлі деп таныды – Боқаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды
27 қараша 2026 16:20 / Новости Казахстана
20 градус аяз: Қазақстанда қарашаның соңында күн күрт суытады
27 қараша 2026 15:18 / Новости Казахстана
Арон Атабектің үлкен қызы марқұм әкесін ақтауды сұрап президент Тоқаевқа үндеу жасады
27 қараша 2026 14:28 / Новости Казахстана
Шығыс Қазақстанда Ертістен балық ауламақ болған үш адам қазаға ұшырады
27 қараша 2026 13:12 / Новости Казахстана
"Бәрібір де оқу керек": Тоқаев жастарды кітап оқуға шақырды
27 қараша 2026 12:25 / Новости Казахстана