KEGOС биыл бір тарифін өзгертеді

26 қаңтар 2024 14:43 / Новости Казахстана

KEGOС акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нәби Айтжанов БАҚ өкілдеріне арналған брифингте компанияның биылғы тариф саясаты туралы мәлімет берді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.

«2024 жылы тарифтердің жоспарлы өсуі болмайды. Жоспарлы деп отырғанымыз – инвестициялық бағдарламаларға түзету енгізіп, мемлекетке өтінім беру арқылы өзгертілетін тариф. Ондай елеулі жоспарлы өсу жоқ», - деді Нәби Айтжанов.

Дегенмен компания басшысы 2024 жылы KEGOC-қа тиесілі тарифтің бірі өсетінін айтады.

«Төтенше реттеу шарасы» дейтін ұғым бар. Бұл біздің технологиялық қажеттіліктерімізге, KEGOC-тың өзіне электр қуатын беруге кететін шығындарды жабатын тариф. Бірақ бұл өте мардымсыз өсу болады», - деді компания ол.

Сондай-ақ, спикер KEGOC-тің тарифтері электр қуатын тұтынушы адамдар төлейтін тарифке 7,8-7,9 пайыз ғана әсер ететінін айтады.

«Біздің тариф 2% өсуі мүмкін деген болжам бар. Түпкілікті тұтынушыға оның әсері 7,82-7,85% болады. Елеулі өсу болмайды. Өйткені KEGOC тарифтері түпкілікті тұтынушыға әсер етпейді», - деді Нәби Айтжанов.

Серіктес жаңалықтары