Келіншек көршісінің алты баласын өрттен аман алып қалды

25 желтоқсан 2023 10:14 / Новости Казахстана

Шымкент тұрғыны өртеніп жатқан үйге кіріп, көршісінің алты баласын аман алып қалды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы  Otyrar жариялады. 

Өрт 16 желтоқсанға қараған түні болған. Анасы балаларын ұйықтатып, өзі кетіп қалған. Қараусыз қалған балалар ұйықтамай, отпен ойнаған.

- Құтқарып қалған әйел үйден кәмелетке толмаған алты баланы шығарып, ерлік көрсетті. Өрттің шығуына балалардың отқа абайсыз қарауы себеп болды, - деді Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Еркін Отарғалымұлы.

Оның өзінің төрт баласы бар, өртті көргенде үйден жалаңаяқ жүгіріп шығып, үш метрлік қоршаудан асып кеткенін айтады. Ал үйдегі газ баллонын байқаған ол күйеуін көмекке шақырған.

- Балалардың жылағанын естіп, жүгіріп шықтым, үйлеріміз бір-біріне өте жақын орналасқан. Үйде кез келген минутта жарылып кетуі мүмкін газ баллоны болды,- дейді Шымкент тұрғыны.

Қалалық ТЖД әйелді ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары марапатқа ұсыну үшін министрлікке құжаттары жіберілгенін хабарлады.

Серіктес жаңалықтары