Көкшетауда екі жыл бойы мемлекеттік субсидияға қол сұғып келген басшылар сотталды
24 ақпан 2026 10:24 / Новости Казахстана
Көкшетау қаласында агроөнеркәсіп саласында мемлекеттік субсидияларды жымқырған адамға үкім шықты, деп хабарлайды Arbat.Media.
ҚМА мәліметінше, «МолПродЖаркаин» ӘКК директоры мен «Рассвет» шаруа қожалығының басшысы екі жыл бойы мемлекеттен қаражат алып келген. Шаруа қожалықта құжатта көрсетілген көлемде сүт өндіруге жеткілікті мал басы болмаған. Соған қарамастан электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде «МолПродЖаркаин» ӘКК-не 3 млн кг-нан астам шикі сүт жеткізілгені туралы жалған құжаттар рәсімделген.
Мемлекетке келтірілген жалпы залал 152 млн теңгені құрады.
«Тергеу барысында 6 жер учаскесіне, 4 пәтерге, 11 автокөлікке, мобильді ғимаратқа және өндірістік нысанға тыйым салынды», деп хабарлады ҚМА.
10 қараша 2026 17:14 / Новости Казахстана
Қар мен көктайғақ: Қазақстанның қай өңірлерінде ауа райы күрт бұзылады?
10 қараша 2026 16:25 / Новости Казахстана
Алматыда қауіпсіздік белдігін тақпаған әйел жауапқа тартылды
10 қараша 2026 15:15 / Новости Казахстана
Абай облысында тереңдігі 15 метрлік карьерден заңсыз алтын өндірілген
10 қараша 2026 14:31 / Новости Казахстана
«Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді» - Тоқаев
10 қараша 2026 12:32 / Новости Казахстана
Қазақ тілін дамытуға жиналған қаражат 824 миллион теңгеге жетті
10 қараша 2026 9:14 / Новости Казахстана