Көкшетауда курсант қыз зорлады деген күдікке ілінді

2 қыркүйек 2024 16:20 / Новости Казахстана
Фото: ТЖМ

Көкшетаудағы азаматтық қорғау академиясының курсантына қатысты қыз зорлады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Аталмыш білім ордасының курсанты бойжеткенді зорлағаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған болатын, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады. 

«2024 жылдың 1 қыркүйегінде Көкшетау қаласының полиция басқармасына арыз түсті. Онда Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының курсанты қылмыс жасағаны айтылған. Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Осы дерек бойынша құзыретті органдар қызметтік тексеру жүргізеді», — деп түсіндірді Kazinform тілшісінің сауалына Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының баспасөз қызметінен.

 

 

Серіктес жаңалықтары