LRT жүйесіне жұмысқа қабылдау басталды

11 қаңтар 2026 10:39 / Новости Казахстана

Астанада LRT жүйесінде оқыту және кейіннен жұмысқа орналастыру мақсатында бірқатар лауазым бойынша жұмысқа қабылдау басталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Компания ғимараттар мен күзет аймағын күтіп ұстау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, кешенді басқару, жылжымалы құрамды жөндеу, электрлік-механикалық, сондай-ақ жолдар мен құрылысжайларды пайдалану сынды бағыт бойынша мамандарды жұмысқа қабылдайды.

Аталған бөлімдерде менеджер, диспетчер, машинист, техник, монтер және өзге де мамандарға сұраныс бар.

Кандидаттардың жоғары немесе арнаулы орта білімі болуы тиіс. Сонымен қатар тиісті мамандық бойынша 1 жылдан 3 жылға дейінгі жұмыс тәжірибесі талап етіледі.

Жұмыс беруші есебінен оқыту немесе біліктілікті арттыру қарастырылған. Оқу мерзімі Астана қаласында 4 айға дейін созылады.

Серіктес жаңалықтары