Мәйітті сөмкеге салып, қоқыс алаңына тастаған ақтөбелік 14 жылға сотталды
15 шілде 2026 15:13 / Новости Казахстана
Ақтөбеде танысын өлтіріп, мәйітін қоқыс алаңына апарып тастаған 62 жастағы ер адам 14 жылға бас бостандығынан айрылды,деп хабарлайды Arbat.Media.
Іс материалдарына сәйкес, биыл 21 ақпанда екі ер адам бірге ішімдік ішіп отырған кезде араларында жанжал туындаған. Үй иесі қонағын бірнеше рет пышақтап, салдарынан 55 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмған. Осыдан кейін күдікті мәйітті үлкен жолақты сөмкеге салып, 24 ақпанға қараған түні шанамен қоқыс алаңына апарып тастаған. Күдікті сөмке тек 11 наурызда тұрғындардың назарын аударып, оқиға орнына шақырылған полицейлер оның ішінен мәйітті тапқан.Сотталушы сот барысында өзін қорғану мақсатында әрекет еткенін айтқанымен, сот бұл уәжді негізсіз деп таныды.
13 қазан 2026 17:18 / Новости Казахстана
Петропавлда макарон фабрикасында жұмысшы қаза тапты
13 қазан 2026 16:37 / Новости Казахстана
Ақтауда балалар алаңын өртеген екі қызға қатысты ата-аналары жауапқа тартылуы мүмкін
13 қазан 2026 15:21 / Новости Казахстана
Ақтөбеде 35 жастағы әйел кісі қолынан қаза тапты
13 қазан 2026 14:15 / Новости Казахстана
Қайрат Нұртастың концертінде жарақат алған бойжеткеннің жағдайы белгілі болды
13 қазан 2026 13:16 / Новости Казахстана
Семейде жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды
13 қазан 2026 12:25 / Новости Казахстана