Майқайың апатына кінәлі деп танылған 6 адамға қатысты сот өтіп жатыр
Майқайыңдағы апатқа қатысты 6 адамға қарсы сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.
Күдіктілердің арасында кәсіпорынның бұрынғы директоры мен оның орынбасары және басқа да лауазымдық қызметте болған 4 инженер бар.
Сотта үш құтқарушының жақындары айыпталушыларды бас бостандығынан айырмауды сұраса, қайтыс болған құтқарушылар жасағы жетекшісінің орынбасары Айдос Шаймерденнің жұбайы ауыр жаза тағайындауды талап етті.
Айта кетейік, 2024 жылғы 4 қаңтарда «Майқайыңалтын» жерасты кенішінің опырылуы салдарынан жедел жеткен үш құтқарушы мен жүргізуші отырған көлік шұңқырға құлап, төртеуі қаза тапқан еді. Екі құтқарушының денесі бірден, ал қалған екеуінің мәйіті алты айға жуық іздеуден кейін табылды. Кәсіпорын марқұмдардың туыстарына өтемақы төледі.