Маңғыстау облысында ер адам әйелін пышақтап өлтірді
30 қаңтар 2026 12:43 / Новости Казахстана
Маңғыстау облысында кеше, 29 қаңтар күні әйел адам пышақ жарақатынан мерт болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қайғылы оқиға Қызылсай ауылында болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, 43 жастағы ер адам жұбайына пышақ жарақатын салған. Алған жарақаттарынан әйел адам оқиға орнында көз жұмды. Әуелі ер мен әйел отбасылық мәселе бойынша жанжалдасыпты. Жанжал соңғы қайғылы қазамен аяқталды.
Ерлі-зайыптылардың жеті баласы бар екені айтылуда.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігімен («Адам өлтіру») қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
10 қараша 2026 17:14 / Новости Казахстана
Қар мен көктайғақ: Қазақстанның қай өңірлерінде ауа райы күрт бұзылады?
10 қараша 2026 16:25 / Новости Казахстана
Алматыда қауіпсіздік белдігін тақпаған әйел жауапқа тартылды
10 қараша 2026 15:15 / Новости Казахстана
Абай облысында тереңдігі 15 метрлік карьерден заңсыз алтын өндірілген
10 қараша 2026 14:31 / Новости Казахстана
«Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді» - Тоқаев
10 қараша 2026 12:32 / Новости Казахстана
Қазақ тілін дамытуға жиналған қаражат 824 миллион теңгеге жетті
10 қараша 2026 9:14 / Новости Казахстана