Маңғыстау облысында мысық тістеп алған ер адам ажал құшты

4 қараша 2025 11:35 / Новости Казахстана

Маңғыстау облысының тұрғыны мысық тістеп алғаннан кейін құтыру ауруына шалдығып, көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінінің хабарлауынша, ер адам уақытында медициналық көмекке жүгінбеген. Салдарынан соңы қайғылы жағдаймен аяқталған.

Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері өңірде жануарлардың тістеуінің 1300-ден астам жағдайы тіркелген. Жыл басынан 1 351 адам антирабиялық көмекке жүгінген. Оның 52%-ы - балалар, 4,4%-ы - жасөспірімдер, 43,4%-ы - ересектер болып шықты.

Оған қоса 801 адам антирабиялық вакцина, ал 544 пациент иммуноглобулин алғаны хабарланды.

"Көбіне шабуыл жасайтын - иттер (жалпы санның 64,7%-ы), мысықтар - 34,1%. Иттерден 823 адам, мысықтардан 461 адам, ал басқа жануарлардан 67 адам зардап шекті", - деді аса қауіпті инфекциялар мен туберкулезді бақылау басқармасының бас маманы Жарас Белгібаев.

Мамандар жануарлардың тістеуі, тырнауы немесе сілекейі тиген кезде бірден дәрігерлерге тексерілу керек екенін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары