Маңғыстау облысының әкімі жеке өмірі туралы алғаш рет пікір білдірді

24 желтоқсан 2025 13:33 / Новости Казахстана

Маңғыстау облысының әкімі жеке өмірі туралы алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Дау 2022-ден басталған. Бұған дейін экс-депутат Ынташ Наурызова әлеуметтік желілерде Н. Қилыбайдан 2022 жылы туған ұлы бар екенін мәлімдеп, баланың әкесі оны мойындамай отырғанын айтқан еді.

2024 жылдың тамыз айында сот Нұрдәулет Қилыбайды баланың биологиялық әкесі деп танып, алимент төлеуге міндеттеді.

«Кейбір әріптестеріңіз сот мені ДНҚ-тест арқылы мәжбүрлеп баланы мойындатқандай жазды. Бұл шындыққа жанаспайды. Дұрысы – мен өзім сотқа жүгініп, баланы заңды түрде тану туралы өтініш білдірдім. Қазір заңға сәйкес алимент төлеп отырмын», - деді әкім.

Сонымен бірге ол баланың дүниеге келуін «жастық шақта жіберілген қателік» деп атады. Н. Қилыбайдың айтуынша, ол ұлымен араласпайды.

Сол жиында әкім өзінің ай сайынғы жалақысын да ашық айтты. Нұрдәулет Қилыбайдың сөзінше, оның еңбекақысы 1 миллион 900 мың теңгені құрайды.

Серіктес жаңалықтары