Мақпал Жүнісова 90-ға келген тыңдарманына ақшалай сыйлық берді
7 тамыз 2026 16:20 / Новости Казахстана
ҚР халық әртісі Мақпал Жүнісова Ақтөбеде өткен жеке концертінде 90 жасқа толған тыңдарманына 100 мың теңге сыйлап, көпшілікті тәнті етті. Бұл сәтті концерт кезінде залда отырған көрерменнің бірі видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Концерт кезінде тыңдармандардың бірі әншіге жақындап, 90 жасқа толған анасын концертке ертіп келгенін айтты. Өнер иесі қарияны туған күнімен құттықтап, еш ойланбастан 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық берді.
Әншінің жомарттығына тәнті болған желі қолданушылары түрлі пікір қалдырып, жылы лебіздерін білдірді.
«Жомарт десе, жомарт қой. Мақпал апай, аман болыңыз!», «Пейілі кең адам ғой», «Бұл кісі осындай жомарттығымен ерекше», «Не деген жомарттық, аман болыңыз», – деп жазды желі қолданушылары.
5 қараша 2026 18:30 / Новости Казахстана
Астанада жолды әдейі бөгеген төрт жүргізуші 5 тәулікке қамалды
5 қараша 2026 17:38 / Новости Казахстана
Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған адам Грузиядан экстрадицияланды
5 қараша 2026 16:29 / Новости Казахстана
Каспийдегі 14 сарбаздың қазасы: сегіз әскери басшы қамауға алынды
5 қараша 2026 15:16 / Новости Казахстана
Астана маңындағы жол апатынан полиция капитаны қаза тапты
5 қараша 2026 14:34 / Новости Казахстана
Шымкентте спортшыны ұрлап, ұрып өлтірген 6 адамға сот үкімі шықты
5 қараша 2026 13:24 / Новости Казахстана