Мәскеуде болуы мүмкін: Қаза тапқан судья ісі бойынша Ресейдің Тергеу комитеті тексеріс бастады
2 ақпан 2026 20:55 / Новости Казахстана
Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкин Германияда қаза тапқан Қазақстанның бұрынғы судьясы Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысы бар адамдар Мәскеуде болуы мүмкін деген ақпаратты тексеруді тапсырды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл тапсырма ресейлік телеарналардың бірінде шыққан сюжеттен кейін берілген. Онда Сайлыбаеваның қылмысқа қатысы болуы мүмкін деп саналатын енесі мен күйеуі Германияда тергеу басталған соң Мәскеуге кетуі ықтимал екені айтылған.
Бастрыкиннің тапсырмасымен Мәскеудегі тергеу органдары процессуалдық тексеріс жұмыстарын бастады.
Еске салайық, Қазақстанда Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі мен енесі іздеуде жүр.
23 қазан 2026 18:30 / Новости Казахстана
Тоқаев Назарбаев туралы сөз қозғады
23 қазан 2026 16:20 / Новости Казахстана
Анасы байқамай қалған: Түркістан облысында сәби сырға жұтып қойған
23 қазан 2026 15:30 / Новости Казахстана
Тибеттегі жер сілкінісінен 16 адам қаза тапты
23 қазан 2026 14:28 / Новости Казахстана
2027 жылдан бастап Қазақстандағы барлық балабақша лицензия алуға міндеттеледі
23 қазан 2026 13:28 / Новости Казахстана
Әкесі мен баласы 77 бас жылқы ұрлады деген күдікке ілінді
23 қазан 2026 12:15 / Новости Казахстана