Мәжіліске Қытай Парламентінің басшысы келді

25 мамыр 2026 18:18 / Новости Казахстана

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстанға ресми сапармен келген Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездесті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Мәжіліс спикері Шаньси өлкесіндегі көмір шахтасында болған газ жарылысы салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты қытайлық әріптесіне және барша Қытай халқына көңіл айтты, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

Мәртебелі мейманды қарсы алған Ерлан Қошанов бұл сапардың тарихи маңыздылығын атап өтіп, Қытай Қазақстанның тату көршісі әрі сенімді серіктесі екеніне тоқталды. Ерлан Қошанов Қазақстан мен Қытай парламенттері екі ел көшбасшылары айқындап берген бағдар бойынша сенімді серіктестікті одан әрі дамыту үшін бар күш-жігерін салып жатқанын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары