Мектеп оқулықтары кезең-кезеңімен жаңартылмақ

17 шілде 2026 11:31 / Новости Казахстана

Оқу-ағарту министрлігі жаңа оқу жылына арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің тізбесін бекіту және білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды ,Аrbat.Media.

Бұған дейін қосымша тексеру барысында мектеп оқулықтарынан 700-ден астам ескерту мен қателік анықталғаны белгілі болды. Осыған байланысты оқулықтарды бекітуге дейін оларды қосымша жетілдіру туралы шешім қабылданды.

Қазіргі уақытта баспалармен және сарапшылармен бірлесіп анықталған ескертулерді жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқулықтарды жаңарту кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ. 2026 жылғы 30 тамызға дейін 3-сыныптарға арналған «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Математика», «Дүниетану», «Әдебиеттік оқу», «Музыка» пәндері бойынша, сондай-ақ 7-сыныпқа арналған «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқулықтар сатып алынады.

2027 жылғы 1 қаңтарға дейін - 4 және 9-сыныптарға, 2027 жылғы 1 сәуірге дейін - 8-сыныптарға арналған оқулықтар жаңартылады.

Серіктес жаңалықтары