Мемлекеттік қызметкерлер сыйақысыз қалмайды
Мемлекеттік қызметкерлер сыйақысыз қалмайды. Әсіресе жыл соңында сыйақыны «күреп» алатын шенді-шекпенділердің көңілін орнына түсірген жаңалықты бүгін қаржы министрлігі бөлісті. Тіпті үнемделген қаражаттан берілетін сыйақыға ешкім тыйым салған жоқ деп отыр, - деп хабарлайды Arbat.media.
Сыйақыға қатысты сұрақ жуырда ғана министр Мәди Тәкиевтің Мәжілістегі мәлімдемесінен кейін туған. Мәселе барлық сыйақыға қатысты емес екен, деп жазады КТК телеарнасы.
Тек инвестициялық жобаларды іске асыруда және мемлекеттік жобалардан үнемделген қаржы сыйақыға емес, бюджетке қайтарылуға тиіс.
Ал қалған жағдайда мемлекеттік қызметтегілерге әр тоқсан сайын, мерекелерде, жыл аяқталғанда қаржылай сыйақы беру жалғасады. Яғни оларға сыйақы төлеу, лауазымдық жалақыларына үстемақы қосу, материалдық көмек көрсету бюджет қаражатынан үнемдеу есебінен жүзеге асырыла бермек.