Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң: жеткізушілерді автоматты түрде таңдау тетігі қосылады

16 қазан 2024 12:00 / Новости Казахстана
Фото: freepik.com

«Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заңның енгізілуімен (2025 жыл 1 қаңтар) жеткізуші туралы ақпарат түрлі дерекқорларды пайдалана отырып, қалыптастырылатын болады. Бұл сатып алудың барлық түрі бойынша баға мен сапа критерийлерін біріктіре отырып, жеткізушілерді автоматты түрде таңдауға көшуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл айтып берді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Мемлекеттік сатып алу туралы заңда мемлекеттік келісімшарттарды бөлу кезінде ашықтықты, бәсекелестікті және тең құқықты қамтамасыз ету бойынша бірқатар шаралар қарастырылған. Атап айтқанда, құжат қоғамдық мониторингті, әсіресе құрылысқа байланысты жұмыстарды енгізуді көздейді», — делінген хабарламада.

Бүгінгі күні конкурсты өткізу мерзімі шамамен 2 айды құрайды. Жаңа заң кейбір жағдайларда процедураларды 2 жұмыс күніне дейін қысқартады.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заңға сәйкес, әлеуетті өнім беруші оның басшысы немесе құрылтайшылары, егер олар бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған болса, мемлекеттік сатып алуға қатыса алмайды. Заңда мүдделес компаниялардың сатып алуға қатысуын шектеу жөніндегі шаралар, сондай-ақ өнім берушінің келісімшарттық міндеттемелерді орындамағаны және тиісінше сақтамағаны үшін жауапкершілік қамтылған.

Серіктес жаңалықтары