Мұғалімнің мәртебесі мен біліктілігін арттыру – басты міндет — Оқу-ағарту министрі

6 қазан 2025 13:05 / Новости Казахстана

Елордада өткен Ұстаздар күніне арналған салтанатты жиында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ұстаздардың кәсіби беделін арттыруға, әлеуметтік қолдауға бағытталған маңызды қадамдар жасалып жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Arbat.Media.

«Біріншіден, мектепте сапалы, қолданбалы білім берілуі тиіс. Екіншіден, оқушылардың адамгершілік келбетін қалыптастырудың «Адал азамат» бағдарламасын жалғастырамыз. Сондай-ақ білім беру жүйесіне жасанды интеллект технологияларын енгізу өзекті. Үшіншіденжәне ең бастысы – мұғалімдердің біліктілігін үздіксіз арттырып, олардың шығармашылық жұмысына жағдай жасау басты басымдығымыз болады», – деді министр.

Сондай-ақ мұғалімдерге оқу үдерісіне қатысы жоқ қосымша шаралар мен артық жұмыстар жүктелмеуі тиіс екені және білім беру үдерісіне жасанды интеллект технологияларын енгізу қажеттігі баса айтылды.

Жиын барысында үздік педагогтер «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдарымен және «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградаларымен марапатталды.

Серіктес жаңалықтары