Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол. Астанадағы вокзалдардың атауы өзгереді

10 қаңтар 2024 8:00 / Новости Казахстана

Елімізде Астана вокзалдары мен басқа да бірнеше өңірдегі станция атауларын өзгерту жоспарланып отыр. Вокзалдарға ұсынылған жаңа атаулар Ашық НҚА порталында қоғамдық талқылауға ұсынылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Көлік министрлігі Астана қаласындағы вокзалдарды былай атауды ұсынған: 

«ҚТЖ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Нұр-Сұлтан» теміржол вокзалы – Ақмола филиалы МКҚК «Жүк тасымалы» филиалы Астана вокзалы болып қайта аталмақ.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – «Ақмола филиалы» МКҚК «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» вокзалы «Нұрлы жол» теміржол вокзалы болып қайта аталсын,  -деп жазылған құжат жобасында.

Қазақстан Республикасының азаматтары атауларды өзгертуге байланысты сауалнама толтырып, пікір білдіре алады.

Қазақстан бойынша атауын өзгерту көзделіп отырған өзге станциялар тізімін мына жерден көре аласыздар.

Серіктес жаңалықтары