«Оқушы көз жұмды»: Шымкентте оқушы қызды көлік қағып кетті
Шымкентте жаяу жүргінші жолағынан өтпек болған оқушыны көлік қағып, қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қызды өткізу үшін өзге көліктер тоқтап тұрғанда Toyota көлігі тежегіш баспаған күйі оқушы қызды ұшырып жіберген.
Алған ауыр жарақаттан қыз ауруханаға түседі. 14 күн бойы комада жатқанымен қызды құтқару мүмкін болмады.
Марқұм Айару Әбдуәлінің анасы күдікті сол күйі қамалмағанын, отбасыға қысым жасауға кіріскенін айтады.
“Адам өлтірген кінәлі ұйқамаққа жіберіліп отыр. Қызым 12 қазан күні қаза тапты. Содан бері үйіме тыныштық жоқ. Талап қойып, кешірім бер деп. Қазір мені қысымға алып, қорқытып жатыр, шындығын айтқанда”, – дейді Бақытгүл Оразбаева.
Қара жамылған отбасы тергеу барысына да күмәнмен қарайды. Сөздерінше оқиға түскен бейнежазбаны да, куәгерлерді де тергеушілерге отбасы өздері алып барған. Істі жүргізіп жатқан құзырлы орган өкілдері осы күнге дейін не жауап алмай, не іздеп келмей күдігімізді күшейтті дейді отбасы.