Орал тұрғыны үш күнде 39 рет жол ережесін бұзған
4 қыркүйек 2024 12:34 / Новости Казахстана
Оралда үш күн ішінде 39 рет жылдамдықты асырған жүргізушіге қомақты айыппұл салынды. Жергілікті полицейлер жол ережесін қасақана бұзған жүргізушіні SuncarSmartQorgau жүйесі арқылы анықтаған. Ол Ресей Федерациясының мемлекеттік нөмірі көрсетілген Mitsubishi Galant көлігін тізгіндеген, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Көлік арнайы автотұраққа қойылды. Айта кетейік, тексеру кезінде көліктің техникалық талаптарға сай емес екені және басқа да жол ережелерін бұзу фактілері анықталды», делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
Жол ережесін бұзған жүргізушіге 1 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған.
23 қазан 2026 18:30 / Новости Казахстана
Тоқаев Назарбаев туралы сөз қозғады
23 қазан 2026 16:20 / Новости Казахстана
Анасы байқамай қалған: Түркістан облысында сәби сырға жұтып қойған
23 қазан 2026 15:30 / Новости Казахстана
Тибеттегі жер сілкінісінен 16 адам қаза тапты
23 қазан 2026 14:28 / Новости Казахстана
2027 жылдан бастап Қазақстандағы барлық балабақша лицензия алуға міндеттеледі
23 қазан 2026 13:28 / Новости Казахстана
Әкесі мен баласы 77 бас жылқы ұрлады деген күдікке ілінді
23 қазан 2026 12:15 / Новости Казахстана