Өскеменде автобус жүргізушісі көлік ішінде көз жұмды
31 желтоқсан 2025 10:47 / Новости Казахстана
Өскемен қаласында жолаушылар автобусын тізгіндеген жүргізуші жолда келе жатып қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға автобус Бажов көшесімен жүріп келе жатқан сәтте болған.
Автобус жүріп келе жатып, 57 жастағы жүргізушінің жағдайы күрт нашарлап кеткен. Оны көрген екінші жүргізуші дереу жедел жәрдем қызметін шақырған. Алайда, дәрігерлер келгенге дейін ер адам қайтыс болды.
Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалған. Жолаушылардың айтуынша, жүргізуші жолға шығар алдын өзін жайсыз сезінгенін айтып, бұрын жүрегіне ота жасалғанын ескерткен.
10 қараша 2026 17:14 / Новости Казахстана
Қар мен көктайғақ: Қазақстанның қай өңірлерінде ауа райы күрт бұзылады?
10 қараша 2026 16:25 / Новости Казахстана
Алматыда қауіпсіздік белдігін тақпаған әйел жауапқа тартылды
10 қараша 2026 15:15 / Новости Казахстана
Абай облысында тереңдігі 15 метрлік карьерден заңсыз алтын өндірілген
10 қараша 2026 14:31 / Новости Казахстана
«Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді» - Тоқаев
10 қараша 2026 12:32 / Новости Казахстана
Қазақ тілін дамытуға жиналған қаражат 824 миллион теңгеге жетті
10 қараша 2026 9:14 / Новости Казахстана