Өскеменде кезекшілік кезінде белгісіз жаққа кеткен сарбаз іздестіріліп жатыр
27 шілде 2026 9:15 / Новости Казахстана
Өскеменде мерзімді әскери қызметтегі сарбаз жоғалып кетті. Ол кезекшілік атқарып жүрген кезде әскери бөлім аумағынан шығып, белгісіз бағытқа кеткен, деп хабарлайды Arbat.Media.
Әскери полицияның мәліметінше, 2004 жылы туған Мархан Айқын Ерланұлы 23 шілде күні таңғы сағат 06:30 шамасында №27943 әскери бөлімнің қару-жарақ және оқ-дәрі қоймасында кезекшілікте болған.
Қазір сарбазды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құзырлы органдар оның жүрген жері туралы ақпарат білетін азаматтарға ақшалай сыйақы берілетінін жеткізді .
Белгілері: бойы – 177 см, салмағы – шамамен 80 кг, дене бітімі орташа, көзі мен шашы қара түсті. Бетінде меңдері бар. Әскери формасын ауыстырып, азаматтық киім киіп жүруі мүмкін.
23 қазан 2026 18:30 / Новости Казахстана
Тоқаев Назарбаев туралы сөз қозғады
23 қазан 2026 16:20 / Новости Казахстана
Анасы байқамай қалған: Түркістан облысында сәби сырға жұтып қойған
23 қазан 2026 15:30 / Новости Казахстана
Тибеттегі жер сілкінісінен 16 адам қаза тапты
23 қазан 2026 14:28 / Новости Казахстана
2027 жылдан бастап Қазақстандағы барлық балабақша лицензия алуға міндеттеледі
23 қазан 2026 13:28 / Новости Казахстана
Әкесі мен баласы 77 бас жылқы ұрлады деген күдікке ілінді
23 қазан 2026 12:15 / Новости Казахстана